2013 жылы Қазақстан азаматтарын шетелдерде емдеуге 1 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылды - Үкімет сағаты

АСТАНА 18 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстан азаматтарын шетелдерде емдеуге 1 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде денсаулық сақтау саласының даму мәселелеріне арналған Үкімет сағатында мәлім болды.
None
None

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2012 жылы Қазақстан азаматтарын шетелдерге емдеуге 680 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 55 ауыр науқас, оның ішінде 34 бала шетелдердің клиникаларына емдеуге жолданған. Ал, сол 55 науқастың 30-ы органдары мен тіндерін, оның ішінде кемік майын, бүйрек және бауырды транспланттауға жіберілген. Ал, бүгінгі таңда 161 науқас шетелдерге емдеуге жіберу кезегінде тұр. Олардың ішінде 133 науқас органдарын ауыстыруға мұқтаж.

Соңғы жаңалықтар