2013 жылы Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның көлемі 598 млрд. теңгеге артқан

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның көлемі 598 млрд. теңгеге артып, 6 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Ranking.kz порталы.

2013 жылы Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның көлемі 598 млрд. теңгеге артқан

Портал сарапшыларының мәліметтеріне қарағанда, өсімді негізінен кредиторлар қамтамасыз еткен. Инвестициялардағы заемдық қаражаттардың үлесі 86 пайызға (572 миллиард теңге) артып отыр.

Дегенмен, инвестициялардың көлемі кейбір өңірлерде төмендегенін көрсетуде. Алматы және Астана мегаполистарында оның деңгейі 20 пайыздан 17 пайызға кеміген. Атырау мен Маңғыстау облыстарында 26-дан 24 пайызға азайған.

Инвестицияның көлемі өскен өңірлердің көш басында елдің оңтүстік облыстары алып отыр. Мәселен, Жамбыл облысында 66 пайызға (99 млрд. теңгеге), Қызылорда облысында 46,5 пайызға (118 млрд. теңгеге), Оңтүстік Қазақстанда 32 пайызға (100 млрд. теңгеге) көбейген.