2013 жылы Қазақстан, Қырғызстан және басқа да елдерде Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығы атап өтіледі

БІШКЕК. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Қырғызстанға қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған мәдени шараларды өткізу мәселелерін талқылау мақсатымен қазақстандық-ресейлік делегация келді.
None
None

Делегацияның құрамында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының тең төрағасы Серік Нүгербеков пен «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы атқарушы дирекциясының төрағасы Мұрат Қарымсақов бар.

ҚР Үкіметі аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен хабарлағандай, жақын уақытта қырғыз үкіметінің Шыңғыс Айтматовтың мерейтойын өткізу туралы қаулысы шығады. Алайда, 2013 жылы мерейтойлық шаралар тек Қырғызстанда ғана емес, Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан және басқа елдерде де өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар