2013 жылы Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленді

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі ел аумағында еңбек қызметін атқару үшін жыл сайын шетелдік жұмысшыларды тартуға квота белгілейді. 2013 жылы аталған квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарына 1, 2 пайызы көлемінде белгіленді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Экономикалық белсенді тұрғындар (немесе жұмыс күші) - бұл өз еңбегін тауар өндіру мен қызметке ұсынатын жұмысқа қабілетті халық, - деп түсіндіреді басқармадан. Соңғы мәліметтер бойынша, Астананың экономикалық белсенді тұрғындары 418,7 мың адамды құрайды.

Аstana.kz сайтында бұған дейін хабарлағанындай, 2012 жылы қала бойынша шетелдік жұмысшыларды тарту квотасы 6 598 адамды құрады. Олардың 5489-ына рұқсат берілген.

Еске салайық, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы квота шегінде шетелдік жұмысшыларды тартуға рұқсат береді.

Сонымен қатар, рұқсат беру кезінде шетелдік және отандық жұмысшылардың пайыздық үлестері қатаң сақталуы қажет. Басшылық қызметтерге (1-2 санаттар) ол тиісінше 70 %-ға 30 %-ды құрайды. Ал, 3-4 санаттағы қарапайым жұмысшылар мен мамандар үшін - 90 %-ға 10 % пайыз көлемінде.

Соңғы жаңалықтар