2013 жылы Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасындағы сауда-саттық көлемі азайды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік мүшелері арасындағы сауда-саттық байланысы 5,9%-ға бәсеңдеді. Ал өзге елдермен сыртқы сауда көлемі 0,7%-ға азайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарламасында жазылған.

2013 жылы Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасындағы сауда-саттық көлемі азайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне қарағанда, Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің өзге мемлекеттермен араларындағы тауар айналым 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында 844,6 млрд. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт үлесі 531,9 млрд. АҚШ доллары болса, ал 312,7 млрд. АҚШ доллары импортқа тиесілі.

2012 жылдың сәйкес мерзімінің нәтижесімен салыстырғанда сыртқы тауар айналым көлемі 0,7%, немесе 5,7 млрд. АҚШ долларына кеміген.

2013 жылдың қаңтар-қараша айларында Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасындағы сауда-саттық көлемі 58,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл 2012 жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштің 94,1%. Беларусь өзара сауда байланысы жағынан көш соңында келеді (1,5% немесе 855,4 млн. долл.).

«Өзара тауар айналымның күрт азаюы Ресей Федерациясының Беларусь Республикасына тасымалдайтын мұнай көлемінің кемуі әсерін тигізген. Жылу-энергетикалық тауарды есептемегенде, Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасындағы сауда-саттық көлемі 2012 жылдың қаңтар-қараша айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7%-ға артқан» - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссиясында.