20:30, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
2013 жылы Украина ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде Қазақстанның бастамасын жалғастыруға ниетті
СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2013 жылы Украина ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде Қазақстанның бастамасын жалғастыруға ниетті. Бұл туралы бүгін Ақордада кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейінгі баспасөз мәслихатында Украина президенті В.Янукович мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық саясат саласында өзара түсіністік мәселесіне тоқталған Украина басшысы «Астанада ЕҚЫҰ мемлекет басшылары саммитін өткізу бастамаңызды біз қолдаймыз. Оның дайындық барысына қатысуға дайынбыз», деді Н.Назарбаевқа қарата айтқан сөзінде.
«2013 жылы Украина ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін ескерсек, бұл Қазақстан эстафетасын , сондай-ақ сіздің бастамаңызды жалғастыруға Украина үшін жақсы мүмкіндік болмақ», деді Украина басшысы.
Осы тұрғыда ол ЕҚЫҰ аясында еуропалық қауіпсіздік мәселелрін қарастыруды өте жақсы диалог алаңы екендігін жеткізді. Сонымен қатар В.Янукович ТМД аясында ынтымақтастықты дамытуға Украина зор үміт артатынын атап өтті.