2013 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы 99,4 пайызға игерілді

АСТАНА . 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Жалға берілетін баспананың құрылысы бойынша жылдық жоспарды барлық әкімдіктер орындады. Бұл туралы бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне арналған Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

2013 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы 99,4 пайызға игерілді

Республикалық бюджет есебінен салынып жатқан тұрғын үй мәселесіне тоқталған министр, «2013 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына облыстар мен Астана және Алматы әкімдіктеріне 27,5 млрд. теңге мақсатты трансферттер бөлініп, алдын ала мәліметтер бойынша 27,3 млрд. теңгесі немесе 99,4 пайызы игерілді»,- деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жалға берілетін баспананың құрылысы бойынша жылдық жоспарды барлық әкімдіктер орындады. Атап айтқанда, 402,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.