2014-2015 жылдары қазақстандықтар Ресейден 3 млрд. теңгеге автокөлік сатып алды

"Импортқа келетін болсақ, бұл қазіргі уақытта салалық деңгейден шығып кеткен мәселе. Былтыр және биыл қазақстандықтар сырттан 3 млрд. теңгеге автокөлік сатып алды. Теңге-доллар бағамының қысымын айтып отырмыз. Осының барлығы салаға қатты әсер етті", - дейді ол.
Оның айтуынша, рубльдің құнсыздануы және қазақстандықтардың Ресейден көліктерді жанталаса сатып алуы, отандық көлік өндірісіне қатты нұқсан келтірді.
"Біздің көліктердің өтуі туралы. Сіздер білесіздер, бізде 50 пайыз локализация жоқ. Бірақ 30 пайыздық локализация бар. Біз енді осы қысымды төмендете бермекпіз. Сондықтан нарықты қорғау біздің мүддемізге сай келеді. Ол өз кезегінде Ұлттық банктің және Үкіметтің АҚШ долларына тәуелділікті төмендету бағытындағы жұмысына көмектесер еді", - деп атап өтті ол.