2014-2020 жылдарға арналған ЕО-ның жаңа көлік стратегиясы Шығыс пен Батысты қосуы тиіс
БРЮССЕЛЬ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельде Еуроодақ 2014-2020 жылдарға арналған қоғамдастықтың жаңа инфрақұрылымдық стратегиясын ұсынды, оның мақсаты - Шығысты Батыспен жалғастыру болмақ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында көлік жөніндегі еурокомиссар Сийм Каллас мәлім етті.
«Көлік еуропалық экономика үшін өмірлік маңызды. ЕО-ның бұл жаңа инфрақұрылымдық стратегиясы ЕО-ның 28 мүше-мемлекеттерінің еуропалық көлік желісін біріктіріп, экономикалық өсімге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады. Ол Шығысты Батыспен жалғастырып, қазіргі көлік желісін ауыстырады», - деді С.Каллас.
ЕО-ның жаңа инфрақұрылымдық саясатының негізі ЕО-ның ұлттық көлік жүйесін Трансеуропалық көлік желісіне өзгерту болмақ. Бұл желі тоғыз негізгі көлік дәліздерінен тұрады: Балтика-Адриатика, Солтүстік теңіз- Балтика, Жерортатеңіздік дәліз, Орташығыстық дәліз, Скандинавия-Жерорта теңізі, Рейн-Альпі, Атлантикалық дәліз, Солтүстік теңіз-Жерорта теңізі, Рейн-Дунай. ЕО-ның шығыстық және батыстық бөліктерін қосатын көлік дәліздері басымдықты қаржыландыруға ие болады.
Жобаны 2030 жылға қарай аяқтау жоспарлануда. Оны жүзеге асырудың бастапқы кезеңін (2020 жылға дейін) қаржыландыруға 26 миллиард еуро бөлінеді.