01:37, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
2014 жылдан бастап Латвия еуроға көшеді
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Латвия Президенті Андрис Берзиныш елдің 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап еуро аймағына кіруі туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы үкімет баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады РБК.
Еуропалық валютаға ауысу сәтінен бастап екі аптадан кейін латтарды төлем ретінде қабылдау тоқтатылады. Ескі ақшаны жаңа валютаға айырбастау мерзімі тек ауысу кезеңінің ішінде ғана емес, еуроның айналымға енгізілуі сәтінен бастап алты айға созылады.
Жергілікті БАҚ-тардың мәліметтерінше, ел тұрғындарының 60 пайызы Латвияның еуро аймағына кіруін құптамай отыр.