2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы аясында мемлекеттераралық ақпарат алмасу жүзеге асады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы аясында мемлекеттераралық ақпарат алмасу жүзеге асады

Құжат Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану қарастырылады. Онда ұйымға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, жеке және заңды тұлғаларының электрондық құжаттарды жасауы, жөнелтуі, беруі, алуы, сақтауы және пайдалану үдерісінде туындайтын қатынастарды реттейді.

Бұдан бөлек, келісім Кеден одағы шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның заңдылығын тексеруге жағдай жасайды. Ал 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы шеңберінде мемлекетаралық ақпарат алмасуға қатысуға мүмкіндік береді. Келісімді іске асыру Кеден одағы аясында сыртқы және өзара сауданы реттеуді қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, сауда қатынастарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесетін болады.