2014 жылдың 1 жартыжылдығында 4 мыңнан астам сот шешімдері жойылды және өзгертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 4 мыңнан астам сот шешімдері жойылды және өзгертілді. Бұл туралы бүгін республика соттарының 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыстарының қорытындысына арналған кеңейтілген жиында ҚР Жоғарғы соты Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Елис Әбдіқадыров мәлім етті.

2014 жылдың 1 жартыжылдығында 4 мыңнан астам сот шешімдері жойылды және өзгертілді

«2014 жылдың 6 айы ішінде 195790 әкімшілік іс қаралып шешіп шығарылды, оның 46702-сі сырттай қаралды»,- деді ол.

Е.Әбдіқадыровтың атап өтуінше, қарастырылып отырған мерзімде 4743 дау тараптардың бейбіт келісімге келуі себепті тоқтатылған.

«Сот медиациясы тәртібімен 359 дау аяқталды. Жалпы республика соттары 297294 істі бітірді. 4159 шешім аппеляциялық бақылау тәртібімен жойылды және өзгертілді», - деді Е.Әбідқадыров.