2014 жылдың алты айында елімізде бензин өндіру көлемі 17,4 пайызға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2014 жылғы қаңтар-маусым аралығында 1,486 миллион тонна бензин өндірілді. Бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,4 пайызға артық. Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ, есептік мерзімде республикада 2,377 миллион тонна дизель отыны өндірілген.
Бұдан бөлек, 2014 жылдың 5 айында Қазақстанда мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 26,79 млн.тоннаны құраған. Соның ішінде, «Атырау-Самара» бағытында 6,169 млн. тонна, Орынбор ГӨЗ бағытында 0,3 млн. тонна, Каспий құбыр жүргізу консорциумы бағытында 13,8 млн. тонна, «Атасу - Алашаңқай» бағытында 2,21 млн. тонна мұнай экспортталған. Ал экспорт көрсеткіші Ақтау теңіз порты бағытында 2,75 млн. тоннаға жетсе, теміржолмен тасымалданған мұнай көлемі 1,52 млн. тоннаны құрады.