2014 жылдың басында ауыл округтерінің әкімдері «ЖЖК-2020» білуі бойынша тестілеуден өтеді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылдың бірінші тоқсанында ауыл округтерінің әкімдері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» құралдары мен бағыттарын білуі бойынша тестілеуден өтеді, деп хабарлады primeminister.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың ҚР Үкіметі отырысындағы сөзіне сілтеме жасап.

2014 жылдың басында ауыл округтерінің әкімдері «ЖЖК-2020» білуі бойынша тестілеуден өтеді

«Қазіргі уақытта Министрлік ауыл округтерінің әкімдерін және жұмыспен қамту орталықтарының жұмысшыларын оқыту жүргізілуде. Келесі жылдың бірінші тоқсанында бағдарламаны білуге қатысты тестілеу өткізіледі», - деді Т. Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, оқыту үздіксіз жүргізіледі. Келесі жылы халықтың мақсатты топтарын оқыту жоспарлануда.

Бұдан өзге, бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеуді жетілдіру жалғасады.

"Бұл еңбек нарығының бірыңғай базасын және жұмыспен қамтуға және ЖЖК жүзеге асыруға қатысты мамандандырылған порталдарды дамытуға байланысты, сондай-ақ жалпы халықтың жұмыспен қамту мәселелері, шарттары және бағдарламаға қатысудың артықшылықтары туралы хабардарлығын арттыруға қатысты", - деп қортындылады ведомство басшысы.