2014 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жанар-жағар май бағасы көтерілмейді
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жанар-жағар май бағасы көтерілмейді. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.
«2014 жылдың бірінші тоқсанында жанар-жағар май бағасының өсуі болмайды», - деп атап өтті ол. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин 2014 жылдың наурыз айына дейін көтерілмейтіндігін хабарлаған болатын.