2014 жылдың соңына дейін еліміздің елді мекендерінің 95 пайызы цифрлы эфирлік телеарнамен қамтамасыз етіледі - А.Жұмағалиев

ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2014 жылдың соңына дейін еліміздің елді мекендерінің 95 пайызы цифрлы эфирлік телеарнамен қамтамасыз етіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуропалық және Азиялық медиафорум барысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы еліміз толықтай цифрлы телеарнаға көшуі керек. «Осы ретте біз алғашқы қадамды жасап та үлгердік. Спутниктік цифрлы телеарнаны іске қостық. Ол республиканың барлық аймағын қамтуға мүмкіндік береді. Ал цифрлы эфирлік телеарнаға келетін болсақ, біз бұл жобаны жүзеге асыруға жақындап қалдық. Енді екі айдан соң біз Астана, Алматы мен Қарағанды мен Жезқазған қалаларын цифрлы телеарнамен қамтамасыз етеміз. Бұдан соң біз аталмыш жүйемен еліміздің барлық аймақтарын қамтуға кірісеміз»,-деді министр.

Цифрлы телеарна барынша таза, сапалы белгі алып, ең бастысы, бүгін бізге қажетті телеарналардың барлығын көруге мүмкіндік береді. «Біз бүгінде жиілік русурстары толық қамтылмаған уақытта өмір сүріп жатырмыз. Яғни бұл толқындар еліміздің тұрғындарын қажеттіліктермен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан біз бұл бағыттағы жмыстары жалғастыра береміз»,-деді А.Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар