2014 жылға дейін 3 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орнында 1000 орындық 3 жатақхана салынады
медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру болып табылады.
Студенттердің тәжірибелік даярлығын жақсарту мақсатында барлық мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында қазіргі заманға сай оқу-клиникалық орталықтар құрылып, оқу симуляторларымен, зертханалық және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы көлемі 2007 жылы 556,1 млн. теңге, 2008 жылы - 499,9 млн. теңгені құраса, 2010 жылы оқу-клиникалық орталықтар 116,2 млн. теңгеге, ал 2011 жылы - 244,0 млн. теңгеге қосымша жарақтандырылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік үздік оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында Израиль, Англия, АҚШ, Дания, Сингапур, Австрия, Австралия сияқты елдердегі әлемнің жетекші университеттеріне оқуға жіберуге гранттар бөлуде. 2011 жылы профессорлық-оқытушы құрамның 177 өкілі шетелдерге барып, жаңа білім беру технологияларын үйреніп қайтты. Халықаралық сарапшыларды елімізге шақыру арқылы медициналық ЖОО-ның 500-дей оқытушысы біліктіліктерін арттырды.
Саланың адам ресурстарын басқаруды жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Жоба сапалы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін тиімді кадр саясатын қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, студенттердің баспана жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, ағымдағы жылы үш мемлекеттік медициналық университетте, атап айтқанда, Алматыдағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде, Семей мемлекеттік медициналық университетінде және Ақтөбедегі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде 1000 орындық үш жатақхана құрылысы басталады.
Сондай-ақ, 2013-2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында 500 орындық жатақхана құрылысына қаржы бөлу қарастырылатын болады.