2014 жылға дейін электр энергиясына тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді тереңдете түсу жалғасатын болады - ТМРА

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2014 жылға дейін электр энергиясына тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді тереңдете түсу жалғасатын болады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Тарифтік саясаттағы энергияны үнемдеу» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ұл туралы Үкіметтің отырысы барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, әлемдік тәжірибе тұрғысынан алып қарағанда сараланған тарифтерді қолданудың тиімділігі айқын байқалады. «Тұтастай алғанда сараланған тарифтерді енгізу нәтижесі электр энергиясын үнемдеуді, тұтынушылардың қаражаттарын үнемдеуді қамтиды, сондай-ақ бұл тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау мүмкіндігі болып табылады. Ал баға мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі күні Қазақстандағы энергияның орташа бағасы шетелдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде болып отыр. Бірақ, соған қарамастан елімізде электр энергиясын үнемдеу мәселесі ең өзекті мәселе болып қала береді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады», деді Агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар