2014 жылға қарай ақпараттандыру саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5 пайызға дейін артады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2014 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде біз ақпараттандыру саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Егер ағымдағы жылы ақпараттандыру саласының ЖІӨ-і үлесі 3,2 пайызды құраса, қолда бар жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ақпараттық-коммуникациялар технологиясының үлесі 5 пайызға дейін көтеріледі деп болжанады», деді Қ. Есекеев. Оның айтуынша, бұл бағытта ең бастысы инфрақұрылымды дамыту маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, кең жолақты желілерді пайдаланушы абоненттер санын 25 пайызға, қауіпсіз серверлер санын 60 пайызға дейін арттыру жоспарланады.
«Бүгінгі күні тіркелген доминді-атаулар саны 100 адамға 3-еуден келеді. Біз алдағы жылдары бұны 10 адамға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Жалпы, ақпараттық технологиялар қызметі - бұл нағыз инновациялық сала болып табылады», деді Қ. Есекеев.