2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты толық қанағаттандыруы қажет

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты толық қанағаттандыруы қажет. Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,

2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты толық қанағаттандыруы қажет
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сөз арасында Қазақстанның мұнай-газ инфрақұрылымын дамыту мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы еліміздегі Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын толық модернизациялау қажеттігін атап өтті. «Қазақстандық осы мұнай өңдеу зауыттарының өндіріс қуатын алдағы жылдары 17 млн. тоннаға дейін жеткізуіміз керек. Ал 2014 жылға қарай аталған отандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты сапалы бензинмен және авиокеросинмен толық қанағаттандыруы тиіс. Бұндай шараларды жүзеге асыру отын энергетикасы кешенінің қосымша құнын 30 пайызға арттыратын болады», деді Н. Назарбаев.