2014 жылғы Әлем чемпионатындағы Марио Гетценің аяқ киімі 2 миллион еуроға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия құрамасы мен мюнхендік «Баварияның» футболшысы Марио Гетценің 2014 жылғы футболдан Әлем Чемпионатының финалында киген аяқ киімі 2 милллион еуроға сатылды. Ол осы аяқ киімімен жеңіс добын соққан болатын. Бұл туралы , Lenta.ru жазады.
«Бұл деген ақылға қонымсыз, мен бұл туралы армандаған да емеспін! Бұл өте үлкен қаражат!» - деп, Гетце ағынан жарылған. Ол сондай-ақ бұл қаражаттың тек аяқ киім үшін емес, қайырымдылық акциясы үшін де төленгеніне қуанған
Айта кетейік, бутсыны сатқаннан түскен қаражат Ein Herz für Kinder («Балаларға - жүрек») қайырымдылық қорына аударылады.
Гетце ӘЧ-2014 финалындағы Германия-Аргентина матчында жалғыз голдың авторы болған. Осы жеңістің арқасында Германия құрамасы әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды.