2014 жылғы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттар тізімі таяу күндері жарияланады

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 1100 стипендия бөлінеді. Бұл туралы бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрларды тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтіп, аталған алқалы жиында 2014 жылға арналған басымдықты мамандықтардың тізбесі бекітілген.

«Басымдықты мамандықтар тізбесіне академиялық білім алу 99 мамандық енгізілген. Оның ішінде 35-і медицина, 35-і техника, ал 29-ы гуманитарлық салаға тиесілі. Сонымен қатар тізімге ғылыми-педагог, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуі үшін 178 мамандық енді. Аталған тізім мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде қалыптастырылды», - деді Ғ.Нығыметов.

Орталық президентінің атап өтуінше, республикалық комиссия түзген бұл тізім таяу күндері bolashak.gov.kz сайтында жария етілетін болады.

Соңғы жаңалықтар