2014 жылғы ең нашар әуежай белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Исламабадтағы Беназир Бхутто атындағы халықаралық әуежай About The Guide to Sleeping in Airports туристік интернет ресурсының жүргізген сауалнамасында аз дауыс жинап, ең нашар әуежай деп танылды. Сауалнамаға қатысушылар бағалауды төрт критерий бойынша жүргізді: жайлылығы, қолайлылығы, тазалығы және қызмет көрсету деңгейі.

2014 жылғы ең нашар әуежай белгілі болды

Саяхаттаушылардың бірі Исламабад әуежайын таусылмайтын кезек күту, тазалық сақталмауын айтып түрмемен теңестірген.

Екінші орында Сауд Арабиясындағы Кинг Абдулазис халықаралық әуежайы тұр. Ал үшінші орынға Непалдағы Трибхуван әуежайы орналасқан.