01:51, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
2014 жылғы ең үздік Android қосымшаларының тізімі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google Play нұсқасы бойынша 2014 жылғы ең үздік Android қосымшаларының тізімі жарияланды.
ТОП-та түрлі сипаттағы қосымшалар қамтылған. Олардың кейбірін ғаламтор арқылы тегін жүктеп алу мүмкін болса, кейбірінің бағасы өте төмен.
Сонымен, алғашқы алтылықты Wunderlist қосымшасы, TED ресми қосымшасы, SwiftKey клавиатурасы, жадыны жаттықтыратын Lumosity, шопингке арналған Wish қосымшасы мен Shazam музыканы танып-білу бағдарламасы бастайды.
Сондай-ақ үздіктер қатарынан барлық елдердің оффлайн картасы MAPS.ME, йога жаттығулары туралы ірі база Yoga.com Studio, Lamoda онлайн-шопингінің ресми қосымшасы мен Aviasales авиабилеттерді іздеудің ірі қосымшасы көрінді.
Ең қызықты Android қосымшаларының толық тізімі Google Play-дің ресми парақшасында жарияланды, бұл бағдарламаларды сол жерден жүктеп алуға болады, деп хабарлайды БЕЛТА.