2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты өзара келісушілердің матчтарына айналу қаупі бар

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Алдағы жазда Бразилияда өтетін футболдан әлем біріншілігінде алдын ала келісілген матчтардың қылаң беруі ықтимал.

2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты өзара келісушілердің матчтарына айналу қаупі бар

Бұған қатысты ФИФА-ның қауіпсіздік жөніндегі директоры Ральф Мучке өз күдігін білдірді, деп хабарлайды Утро.ру.

Ол бұл ақпаратты қылмыстық топ мүшелерінің бірі жеткізгенін айтады. Мучке қылмыстық топ енді өз назарларын есірткі бизнесінен өзара келісіммен ойнаушыларға аударуы ықтимал деп санайды, себебі, мұндайда оларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігі төмендейді.

Футболдан әлем кубогы Бразилияда 2014 жылдың 12 маусымынан бастап 13 шілдесіне дейінгі аралықта өтеді. Ірі доп додасының сыйлық қоры 576 миллион долларды құрайды. Турнир жеңімпазы аталған сомадан 35 миллион долларды иеленеді.