«2014 жылғы Қазақстанның үздік спортшысы» атануға дауыс жинауда Денис Тен көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында оның пайдаланушылары арасында «2014 жылғы Қазақстанның үздік спортшысы» аталымы бойынша үздік спортшыны таңдауға ғаламтор арқылы дауыс беру жалғасуда.
None
None

13 қаңтардағы жағдай бойынша мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен 25,22 пайыз дауыспен көш бастап тұр. Екінші орында әлемге атағы жайылған боксшы Геннадий Головкин тұр, оған 22,57 пайыз дауыс берілді. Көшбасшылар үштігін ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының төрт дүркін чемпионы Илья Ильин түйіндейді. Оған пайдаланушылардың 15,4 пайызы дауыс берген.

Ғаламтордағы дауыс беру 15 қаңтарға дейін жалғасады. Оның қорытындыларымен танысып, дауыс беру үшін http://mk.gov.kz/kaz/o_ministerstve/luchshii_sportsmen2014 сілтемесіне өту керек. Денис Тен, мәнерлеп сырғанау 2014 жылғы ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының (Сочи қаласы, Ресей) қола жүлдегері; 25.00% (57) Геннадий Головкин, бокс WBA, WBC, IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы (72 келіге дейін); 22.37% (51) Ильин Илья, ауыр атлетика 2014 жылы Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатында 105 келі салмақ дәрежесіндегі серпе көтеруде әлемдік рекорд орнатты (242 келі); 15.79% (36) Зүлфия Чиншанло, ауыр атлетика 2014 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында 58 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпазы, 2014 жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының (Инчхон қаласы, Корея) күміс жүлдегері. Серпе көтеруден (134 келі) әлемдік рекорд иесі; 4.39% (10) Жасұлан Қыдырбаев, ауыр атлетика 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының 94 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы; 5.70% (13) Данияр Елеусінов, бокс 2014 жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының (Инчхон қаласы, Корея) жеңімпазы; 3.51% (8) Дмитрий Баландин, жүзу 2014 жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының (Инчхон қаласы, Оңтүстік Корея) үш дүркін чемпионы (50 м, 100 м, 200 м браспен); 2.19% (5) Назым Қызайбай, әйелдер боксы 2014 жылы Чеджудо қаласында (Корея) өткен әлем чемпионатының 48 келі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы; 1.75% (4) Зарина Дияс, теннис ITF-нің жеке разрядтағы бес жарысының жеңімпазы 2.19% (5) Айбек Нұғымаров, қазақ күресі 2014 жылы Ресейдің Орынбор қаласында өткен әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы, 2014 жылғы әлем чемпионы. 2014 жылы Павлодар қаласында өткен «Әлем Барысы» халықаралық жарысының күміс жүлдегері; 1.75% (4) Ольга Сафронова, ауыр атлетика 2014 жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының (Инчхон қаласы, Оңтүстік Корея) жеңімпазы мен жүлдегері. 1.32% (3) Жазира Жаппарқұл, ауыр атлетика 2014 жылы Алматы қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері; 0.44% (1) Динара Сәдуақасова, шахмат 2014 жылы әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы; 10.53% (24) Владимир Седов, ауыр атлетика 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері; 0.44% (1) Алексей Луценко, велосипед спорты 2014 жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының (Инчхон қаласы, Оңтүстік Корея) жеңімпазы; 1.32% (3) Мұхит Тұрсынов, қазақ күресі 2014 жылы өткен «Қазақстан Барысы» республикалық жарысының жеңімпазы; 1.32% (3)

Елдос Сметов, дзюдо 2014 жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының (Инчхон қаласы, Оңтүстік Корея) жеңімпазы; 0.00% (0)

Соңғы жаңалықтар