2014 жылғы сәуірде экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы сәуірде инфляция 0,6 пайызды құрады.

2014 жылғы сәуірде экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

«Баға көтерме саудада бір ай ішінде 1,6 пайызға, ауыл шаруашылығында - 1,2, құрылыста - 0,5, өнеркәсіпте 0,3 пайызға өсті»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

Жүк көлігімен тасымалдаудағы тарифтер 0,5 пайызға жоғарылады, ал заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтер 1,3 пайызға, байланыс қызметтеріне 1,1 пайызға төмендеді.