2014 жылы апаттық жағдайдағы 50-ден астам үй бұзылады - елорда әкімі

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 2014 жылы апаттық жағдайдағы 50-ден астам үй бұзылады. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан елорданы бұдан әрі қарай дамытуға арналған жиынла елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
None
None

«Ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша қанатқақты жоба аясында жалпы ауданы 93 мың шаршы метр болатын 1655 пәтерлік 6 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2013 жылдың желтоқсан айында 11 ескі апаттық үйлер, 2014 жылы - 52 үй, сондай-ақ, 2015 жылы 89 үй бұзылады»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан бөлек жеке құрылысшылар Орынбор көшесі мен Тұран даңғылындағы жалпы ауданы 8,5 млн. шаршы метр болатын бүгінде 40-қа жуық жоба мақұлданған. «Мыңжылдық» аллеясы бойынша жаңа орталықтың кешенді құрылысы жүргізілуде.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі бойынша 21 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. 2013 жылдың соңына қарай 1543 пәтерлік тағы 6 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазақстан ипотекалық компаниясы бойынша қазіргі таңда жалпы көлемі 17 гектар жер учаскесі бөлініп, жобалық жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бұл бағытта 2020 жылға дейін 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынады»,-деді И. Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар