2014 жылы «Астана-Бурабай» ақылы автобанынан 1 млрд. 100 млн. теңге қаражат түстi

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы "Астана-Бурабай" ақылы автобанынан 1 млрд. 100 млн. теңге қаражат түстi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестиция және даму министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң төрағасы Мереке Пiшембаев мәлiм еттi.

2014 жылы «Астана-Бурабай» ақылы автобанынан 1 млрд. 100 млн. теңге қаражат түстi

"Ақылы жолдар сол жолдардың күтiмiн жүргiзу үшiн қажет. Сапалы жолдарды салу аздық етедi, оларды сапалы пайдалану да қажет. Сондықтан жүргiзушiлерден түскен қаржы жолдарды күтуге жұмсалады. Бiрiншi ақылы автобан - "Астана-Бурабай" трассасында былтыр 1 млрд. 100 млн. теңге түстi. Бiз екi жыл болды ол жолға бюджеттен қаржы бөлген емеспiз. Жол өз-өзiн ақтап отыр", - дедi комитет басшысы.

Оның айтуынша, магистраль бойында орналасқан Макинск, Щучье, Ақкөл аудандарының тұрғындары құны 1000 теңгені құрайтын абоненттік төлем жасап, сапалы жолмен әрі-бері 1 жыл бойы еркін қатынай алады.