2014 жылы Астанада 2 мыңға жуық пәтер салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Астанада 2 мыңға тарта пәтер салынады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысында елордалық құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютов мәлім етті.

2014 жылы Астанада 2 мыңға жуық пәтер салынады

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» желісі бойынша 65 мың шаршы метр баспана тапсырылды. 2014 жылы біз 1956 пәтерді пайдалануға беруіміз керек», - деді ол.

Сонымен қатар В. Лютов биыл 9 мектеп пен 14 балабақша тапсырылатынын жеткізді. Өткен жылы 3 мектептің және 8 балабақшың құрылысы аяқталған болатын.