2014 жылы еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттары қайта жаңғыртылатын болады - Жолдау

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2014 жылы еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттары күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылатын болады.

2014  жылы  еліміздегі  барлық  мұнай  өңдеу  зауыттары  қайта  жаңғыртылатын  болады  - Жолдау

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

«Біз 2014 жылы барлық үш мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртамыз және мұнай өнімдерінің барлық секторы бойынша ішкі тұтынуды толығымен қамтамасыз етуге қол жеткіземіз», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті өз Жолдауында әр аймақтағы әрбір инновациялық жоба мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, сонымен бірге қоғам тарапынан да ерекше бақылауға алынуы керектігін баса айтты.