2014 жылы елорданың энергокешені қайта құрылып, кеңейтіледі

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада 2014 жылы жылу энергетикасы жобаларын дамытуға елорданың энергокешенін қайта құру және кеңейту үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында белгілі болды, деп хабарлады аstana.kz сайты.

2014 жылы елорданың энергокешені қайта құрылып, кеңейтіледі

«Астанада ЖЭО-1, ЖЭО-2 кеңейтіліп, қайта құрылады, сонымен қатар, қолданыстағы жылу энергия желілері қалпына келтіріледі. Аталған жұмыстардың нәтижесінде алдағы жылы электр қуаттылығының көлемі жылына 120 МВт және жылу қуаттылығы 160Гкал болады деп көзделген. Электр желілерінің өткізу қабілеттілігі 500-ден 1200 МВт, жылу магистралінде 1179-дан 2702 Гкал дейін артады. Бұдан басқа, тозған магистральдық желілердің көлемі 15 пайыз төмендейді», - деп атап өтті қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов өз сөзінде.