2014 жылы футбол әлем чемпионатын қабылдай алатын қалалардың тізімі бекітілді

ЦЮРИХ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) 2014 жылы футболдан әлем чемпионатының матчтары өтетін Бразилияның 12 қаласын бекітті.

2014 жылы  футбол  әлем чемпионатын   қабылдай  алатын   қалалардың  тізімі бекітілді
Бұл туралы Багама аралдарының елордасы ? Нассау қаласында өткен ФИФА комитетінің мәжілісінен кейін жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. 2014 жылғы әлем чемпионатын қабылдау құқығына Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Порту-Алегри, Куритиба, Салвадор, Ресифи, Натал, Форталеза, Манаус, Куяба және ел ордасы - Бразилиа қаласы ие болып отыр.