2014 жылы қазақ спортынан кімдер кетті?
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы қазақстандық бірнеше танымал спортшы спорттық карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Спортшыларымыз бұл саладан әртүрлі себептермен кеткен болатын, деп жазады sportnews.kz сайты. Назарларыңызға аталған сайттағы шолуды ұсынамыз.
Ольга Довгун (44 жас), мылтықпен ату Мылтықпен ату жарыстарында алдына жан салмайтын қазақстандық спортшы Инчхондағы жеңісінен кейін спорттан кететінін мәлімдеді. Довгун - Әлемнің екі дүркін чемпионы әрі төрт бірдей Олимпиада қатысушысы.
Юрий Логинов (47 жас), бенди
Қазақстан құрамасында жүріп бенди ойындарында Әлемнің 12 чемпионатында бақ сынаған Юрий әлемнің үш дүркін қола жүлдегері атанған. Ол Ресей чемпионатында бес рет үздік қорғаушы ретінде танылған. Новосібірлік «Сибсельмашт» құрамында Логинов өзінің спорт саласындағы мансабын аяқтады.
Игорь Солошенко (35 жас), футбол
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубында үздік ойын көрсеткен еліміздің чемпионы әрі премьер-лига жүлдегері Игорь Солошенко Қазақстан құрамасында 11 ойын өткізген. Сондай-ақ, «Жеңіс» және «Тобыл» командалары сапында үздік ойын көрсеткен. 1999 жылы өткен Әлем чемпионатында жастар командасының капитаны ретінде бақ сынаған.
Дмитрий Муравьев (35 жас), велоспорт
Қазақстан чемпионы Дмитрий «Астана» құрамына қосылмас бұрын «Quickstep» және «Credit Agricole» сынды командалар қатарында болған. 2014 жылдың жазында ол өзінің карьерасын аяқтайтынын және Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры орнына тағайындалғанын мәлімдеді.
Евгений Королев (26 жас), теннис
2010 жылдан бері Қазақстан атынан шығып жүрген ресейлік теннисші ITF сериясының бірнеше турнирінің жеңімпазы әрі «Үлкен дулыға» сынды турнирлерде бақ сынаған. «Дэвис Кубогында» да Евгений еліміздің атын қорғаған болатын. Ауыр жарақаттары оны мансап жолын аяқтауына себепші болды, алайда Королев бапкерлік жағына ауысатынын айтты.
Мерей Ақшалов (25 жас), бокс
Қазақстандық бокшы Бейжің Олимпиадасына, «Астана арландары» сапында бақ сынаған болатын. 2013 жылы Азия чемпионаты мен Әлем чемпионатында чемпион атанды. 2014 жылы денсаулығына байланысты қолғабын шегеге ілуге мәжбүр болды.
Дарья Обыденнова (23 жас), хоккей Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі «Айсұлу» клубының мүшесі өзін әртүрлі еуропалық турнирлерде мойындатқан хоккей ойындарының чемпионы Дарья Обыденнова 2011 жылғы Азия ойындарының да чемпионы. Хоккейден біржола кетуі туралы шешімін ол жылдың басында мәлімдеген.
Марина Вольнова (25 жас), бокс
Азия ойындарындағы қола жүлдесін жеңіп алған Вольнова бокстан кетуге шешім қабылдады. Марина отбасы құруына байлаанысты спорттан кеткенін айтқан. Сонымен қатар, Марина Әлем чемпионатының күміс, Лондондағы Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.
Анна Алябьева (21 жас), гимнастика
Анна Азия чемпионы, сонымен қатар халықаралық турнирлер мен Азия ойындарының жеңімпазы. 2012 жылғы Олимпиададан соң аздаған уақытқа спорттан демалыс алған ол гимнастикаға оралуды көздеп жүрген болатын, алайда 2014 жылы гимнастикадан біржола кететіндігі мәлім болды. Қазіргі таңда Анна өзін тележүргізуші ретінде сынап жүр.