2014 жылы Қазақстан 3 млрд. теңгенің мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды көздейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстан шамамен 2,9 млрд. теңгеге мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгро» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлім етті.
«2014 жылы Қазақстан шамамен 3 млрд. теңгеге мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды көздеуде», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, ірі қара малдың экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру аясында «ҚазАгро» компаниясы 75 шаруашылық репродукторлары құрылған.
«2013 жылы холдинг қаржыландырған жобалар Ресей, Беларусь елдеріне 1870 тонна ет пен ет өнімдерін экспорттады, соның ішінде 1400 тонна ет Мәскеуге жөнелтілген. 890 тонна жұқа тері Ресей, Италия және ҚХР елдеріне жіберілді», - деді ол.