2014 жылы Қазақстан 99,8 млрд. кВт/сағат электр энергиясын өндіретін болады
СТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2014 жылы Қазақстан 99,8 млрд. кВт/сағат электр энергиясын өндіретін болады. Бұл туралы бүгін Астанада журналистермен кездесуде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.
«2014 жылы Қазақстанда 99,8 млрд. кВт/сағат электр энергиясы өндіріліп, оны тұтыну көлемі 97,8 млрд. кВт/сағат шамасына жететін болады», - деді Д. Тұрғанов.
Министрліктің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың соңына дейін республикада 82-83 млрд. КВт/сағат энергия тұтынылады деп болжануда.
«Демек елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында тұтыну 16-17 млрд. кВт/сағат энергияға өседі», - деп атап көрсетті вице-министр.