2014 жылы Қазақстанда 20,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы 20 378 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті былтырғы жылғы жолдардағы апаттылықтың ахуалын қорытындылау кезінде хабарлады.

2014 жылы Қазақстанда 20,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді

«Бұл ретте, ЖКО салдарынан қаза болған 2 585 адамның арасында 232-сі кәмелетке толмағандар. Ал 25 942 жарақат алғандардың ішінде 4 632-сі кәмелетке толмағандар», - деп атап өтілген комитет мәліметінде.

ЖКО-да ең көп қаза тапқандар саны Алматы (468 адам), Оңтүстік Қазақстан (432), Қарағанды (210) және Жамбыл облыстарында (203) тіркелді.

Елді мекендерде - 16 334, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда - 1 887, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 1 048 жол-көлік оқиғалары тіркелді.