2014 жылы Қазақстанда ана мен нәресте өлімінің көрсеткіші төмендеді
Ана өлімінің ең төменгі көрсеткіші Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді. Көп жағдайда ана өлімінің себептері жүктіліктің және босану кезеңінің қиын болуынан (64 пайыз), сонымен қатар, басқа жағдайларда аналар жүктілігіне қатысы жоқ аурулардан көз жұмған. Бұдан бөлек, 2014 жылы Қазақстанда нәрестелер өлімінің көрсеткіші төмендегені белгілі болды. «Қазақстан Республикасында 2014 жылғы 11 айда нәрестелер өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туылған балаға шаққанда 10 болған, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға төмендеді», делінген министрлік мәліметінде. Нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткіші Астана қаласында, Алматы қаласында және Ақмола облысында тіркелді. Көп жағдайда нәрестелер өліміне перинаталдық кезеңіндегі асқынулар себеп болады. Сонымен қатар, 1 жасқа дейінгі балалар туабіткен даму ақаулары, тыныс алу органдары және қан айналымы ауруларынан шетінейді.