2014 жылы Қазақстанда электронды шот-фактураларды енгізу жоспарлануда
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда электронды шот-фактураларды енгізу жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдәев мәлім етті.
«Жалған шот-фактуралар жазып беруге, оларды ауыстыруға және осындай фактілерге кеш әрекет етуге байланысты мәселені шешу жолы ретінде электронды шот-фактураға көшу және «ҚҚС бойынша депозиттік шот» бойынша бюджетке ҚҚС төлеу тәжірибесін енгізу ұсынылады. 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда электронды шот-фактураларды енгізу болжануда. 2014 жылдың 1 қазанынан бастап электронды шот-фактуралардың көшірмесін берудің ілкі режимін іске қосу жоспарлануда», - деп атап өтті Ә.Жұмаділдәев.
Салық комитетінің басшысының хабарлауынша, егер тиісті заңнама қабылданатын болса, оған «Самұрық-Қазына» АҚ және өз де ерікті салық төлеушілер қатысатын болады.