2014 жылы Қазақстанда санитарлық авиация 1874 ұшырылым жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Республикалық санитарлық авиация орталығы 1874 рет шақырту алып, 1735 науқасты тасымалдады. Сонымен қатар олар барған жерінде 140 операция жасап, 500-ге тарта консультативтік қызмет көрсетті.

2014 жылы Қазақстанда санитарлық авиация 1874 ұшырылым жасады

«Санитарлық авиация дәрігерлері акушерлік және гинекологиялық, нәрестелер және балалар патологиясы, қан айналымы жүйесі, хирургиялық, терапевтік аурулар, жарақаттанушылық, күйіп қалу және улану, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен жағдайларда медициналық көмек көрсетті», - делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.

Атап айтқанда, 2014 жылы барлығы 2365 науқасқа медициналық қызмет, оның ішінде акушерлік-геникологиялық патологиямен - 428 әйелге, жаңа туылған нәрестелерге - 390, балалар жасындағы аурулармен - 538 балаға, жарақаттанушылық бойынша - 496 адамға (оның ішінде жол-көлік апатында зардап шеккендерге - 183), қан айналымы жүйесі ауруларымен 342 науқасқа көмек көрсетілді.