17:40, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
2014 жылы KEGOC қосалқы стансаларда жабдықтардың 70 пайызын жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы «KEGOC» АҚ өзінің қосалқы стансаларында барша жоғары вольтты коммутациялық жабдықтардың 70 пайызын ауыстырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған компанияның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.

«Өткен жылы біз қосалқы стансалардағы барша жоғары вольтты коммутациялық жабдықтың 70 пайызын ауыстырдық. Бүгінде осы орайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз», - деді Б.Қажиев.
Ол жоғары вольтты жабдықтарды ауыстыру мен ұлттық желіні жаңғыртудың 2000 жылдан бері іске асырып келе жатқандығын еске салып өтті.
«Өткен жылы өндірісте және электр энергиясын тұтынуда өсім болғанына қарамастан, электр энергиясын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі 2013 жылдың көрсеткішімен салыстарғанда 2 пайызға төмендеп, 40,2 млрд кВт/с-ты құрады», - деді компания басшысы.
Белгілі болғандай, өткен жылы компания 8,6 млрд. теңге көлемінде таза табысқа қол жеткізді.