2014 жылы KEGOC тарифтері 9 пайызға көтерілмек

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - 2014 жылы KEGOC тарифтері 9 пайызға көтерілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған компания басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, бұл компания активтерінің ағымдағы пайдалану деңгейін ұстап тұру, оның ішінде электр энергиясын сатып алу шығыстарының ұлғаюымен байланысты.

«Сонымен бірге инвестициялық жобаларымызды жүзеге асыруға да қаржы қажет. Дегенмен, электр энергиясының жалпы құны құрылымындағы біздің үлесіміз көп емес, шамамен 10 пайыз ғана. Толықтай алғанда келесі жылы Қазақстан бойынша электр энергиясының құны артатын болады. Өйткені Үкіметтің 2015 жылға дейін бекітілген шекті тарифтер бойынша қаулысы бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар