2014 жылы құрылыстағы баға 4,4 пайызға өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰР Ұлттық экономика министрлігі,Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылы елімізде құрылыс-монтаж жұмыстарына, машиналар мен жабдықтарға баға 4,5 пайыз, өзге де жұмыстар мен шығындарға 3,9 пайызға өскен.

2014 жылы құрылыстағы баға 4,4 пайызға өскен

Әйнектелген қыш тақтайшаларды сатып алу бағасы бір жыл ішінде 4,2 пайыз, арматура - 3,4 пайыз, асбестоцементтен жасалған табақтар - 2,7 пайыз, картондар - 1,6 пайыз, әк - 0,6 пайыз, құрылысқа арналған қыш кірпіштер - 0,4 пайызға өскен. Сонымен қатар, силикат кірпіштердің бағасы 3,2 пайыз, санитарлық-техникалық қыш бұйымдар - 1,4 пайыз, мастика - 1,7 пайыз, портландцемент - 0,9 пайыз, жалпақ шыны әйнектер бағасы 0,3 пайызға төмендеген.