2014 жылы медициналық қызметтер көрсету саласында 2,5 мыңнан астам тексеру жүргізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (МФҚБК) денсаулық сақтау нысандарына 2,5 мыңнан астам тексеру жүргізді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң баспасөз қызметінен хабарлады.
Комитет мамандары тексерулер барысында сертификатсыз немесе лицензиясыз заңсыз медициналық қызметпен айналысу, стандарттарды сақтамау және медициналық көмекті сапасыз көрсету, сырқаттық парақшаны беруде ережелерді бұзу, этика және деонтология нормаларын сақтамау сияқты жағдайларды анықтады.
Өткізілген барлық тексерулердің нәтижесінде өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына тиісті шара қолдану үшін актілер жолданды.