2014 жылы шенеуніктерге шетелден баспана алуға тыйым салынуы мүмкін
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келер жылы Ресейде шенеуніктерге шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы "Единая Россияның" депутаты Евгений Федоров айтты.
Депутаттар мұндай заң жобасын екі жыл бұрын талқылауға ұсынған. «Мемлекеттік Дума заңды бір жылдан артық уақыт бойы қарады. Меніңше, келер жылы біздің бастамамыз мақұлданып, заң қабылданады. Көптеген мемлекет шетелдік мүлік арқылы Ресейдің шенеуніктері мен бизнесіне тікелей ықпал ету туралы заң қабылдай бастады. Бұл ықпал ресейліктердің мүддесіне қайшы», - дейді Е.Федоров. Сол себепті 2014 жылдан бастап, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың шетелден жылжымайтын мүлік алуына тыйым салынуы мүмкін, деп жазады Utro.ru сайты.