2014 жылы ШҰАӨ-де көмірсутек 60 жыл ішіндегі рекордтық көлемде өндірілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2014 жылы ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Өлкесінде (ШҰАӨ) көмірсутектің 60 жыл ішіндегі рекордтық көлемі - 50 млн. тоннасы шығарылды, деп хабарлайды Шыңжаңның статистика бюросынан.
None
None

Өткен жылы автономдық өлкеде 27 млн. тонна шикі мұнай мен 29,6 млрд. текше метр табиғи газ шығарылды. Тарим, Жоңғария және Туха кен орындарынан шығарылған көмірсутектердің жалпы көлемі солтүстік-шығыстағы Хэйлунцзян провинциясында орналасқан Қытайдың ірі кен орны - Дацинде (соңғы 27 жылдың ішінде жыл сайын 50 млн. тоннадан астам шикі мұнай) шығарылып отырған ресурстардың санына жетті.

Естеріңізге сала кетейік, ШҰАӨ-дегі көмірсутек шикізатының қоры шамамен 22,8 млрд. тонна мұнай мен 14 трлн. текше метр табиғи газға бағаланған.

Соңғы жаңалықтар