2014 жылы жұмыс істейтін декреттік демалыстағы әйелдер үшін 4 млрд. теңгеден астам зейнетақы жарналары төленді - ҚР ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет 2014 жылы жұмыс істейтін декреттік демалыстағы әйелдер үшін 4 млрд. теңгеден астам зейнетақы жарналарын төледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

2014 жылы жұмыс істейтін декреттік демалыстағы әйелдер үшін 4 млрд. теңгеден астам зейнетақы жарналары төленді - ҚР ДСӘДМ

Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы жұмыс істейтін әйелдер үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау түрінде 4 млрд. теңгеден астам қаржы төленді.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша декреттік демалыстағы жұмыс істейтін әйелдерге зейнетақы жинақтарын міндетті субсидиялау енгізілді.

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 101 024 алушының жеке зейнетақы шотына 4,06 млрд. теңге аударылды. Субсидияның орташа мөлшері 4021 теңгені құрады.