2015 - Қытайдағы метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық жыл

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық жыл 2015 жыл болды, онда орташа жылдық температура көпжылдық орташа көрсеткіштен 0,95 градусқа жоғары болды.

2015 - Қытайдағы метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық жыл

Қытайлық метеорологиялық басқарма баяндамасында көрсетілгендей, өткен жылғы орташа ауа температурасы 10,5 Цельсий градусты құрады. Бұл 1961 жылдан бергі орнатылған рекорд.

Құрлықтағы Қытайдың 31 өлкесінде ауа райы өткен жылғыдан жылырақ болды. Олардың онында, соның ішінде Бейжіңде температураның жаңа тарихи ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлады Синьхуа.