2015 жылдан бастап Еуропа ойындары өткізілетін болды

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуропа олимпиада комитетінің 8 желтоқсан күні өткен (ЕОК) 41 ассамблеясында тарихи шешім қабылданды.
None
None

Кәрі құрлық 2015 жылдан бастап Еуропа ойындарын өткізбек.

Қазір Азия, Африка және қос Америка құрлығының өз олимпиадасы, яғни жеке  ойындары бар. Және барлығының да тарихы тереңде. Енді Еуропаның да жеке олимпиадасы өтеді. 2015 жылға жоспарланған алғаншы Еуро ойындарды Әзірбайжан астанасы Баку қабылдайды.

Ойындар маусым айына жоспарланған. Алғашқы Еуропа ойындарының бағдарламасына он бес спорт түрі енеді. ЕОК алдағы уақытта бұл ойынды олимпиада ойындарына іріктеу ретінде қолдануды көздеп отыр, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Соңғы жаңалықтар