2015 жылдан бастап орта білім беру жүйесінде 12 жылдық үлгіге көшу басталады - Ж. Түймебаев

аурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2015 жылдан бастап еліміздің орта білім беру жүйесінде 12 жылдық үлгіге көшу басталады.

2015 жылдан бастап орта білім беру жүйесінде 12 жылдық үлгіге көшу басталады - Ж. Түймебаев

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орта білім беру жүйесінде 2015 жылдан бастап мектептердің 1-ші, 5-ші және 11-інші сыныптары 12 жылдық үлгіге көше бастайды. Яғни бұлар жаңартылған ұлттық стандарттар бойынша жұмыс істейтін болады. Одан кейінгі жылдары 2-ші, 6-шы, 10-шы сыныптар осындай үлгіге өтеді. Осылайша, сатылап 2020 жылға дейін 12 жылдық үлгіге толық көшетін боламыз. Сонымен бірге, 2015 жылы жоғары сатыдағы «Бейіндік мектепке» оқушыларды алғашқы қабылдау басталады. Ал 2020 жылға қарай республикадағы барлық мектептер қазіргі заманғы химия, физика, биология оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі», деді министр.

Оның айтуынша, 2015 жылға қарай техникалық және кәсіптік білім беруде жұмыс берушілермен бірлесе отырып кәсіптік стандарттар әзірленіп, енгізіледі. Бұдан бөлек 2020 жылға қарай Ұлттық біліктілік жүйесі де құрылады.